2015 жылғы 19 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы №1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №61, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.